Қатты қорыққанның, ашуланғанның не таң қалғанның белгісі ретінде қолданылатын тіркес. ~ «Әй!»— деп даусымды қаттырақ шығардым. Екі баланың көзі бадырайып кетті. Орындарынан тұрып, үйлеріне қарай зыта жөнелді. Т.Берд. ~ Көзі бадырайып кеткен мистер Бамбл хабарландыруды асықпай, мұқият үш қайтара оқыды… Ч.Дикк. ~ Жақындағанда таныды: жүйрік ат, қыран бүркіт ұстайтын бай тұқымы Көбей пұшық екен. Көзі бадырайып, қара сақалы селкілдеп жетіп келді де, ай-шай жоқ Төлегенді қамшымен тартып-тартып жіберді. Б.Тоғ. ~ О да ештеңе түсінбегендей, көзі бадырайып, жан-жағына қарай береді. Әкелуші қойшы тұсақты ілгерірек итерді де, орнына барып қайтадан отырды. Ғ.Мұст.
