Posted in

КӨЗІ ЖАЙНАДЫ (ЖАЙНАП КЕТТІ)

Бойын кернеген ерекше сезімнен (қуаныштан, қорқыныштан, ашудан) жанарында ерекше от пайда болды. ~ Тәтті у бойға тарады, Бойы балқып барады. Татқан сайын тәтті су, Тәтті суы – тәтті у, Жылти көзі жайнады. М.Жұм. ~Ұшырып жер бетімен жазыққа айдап, Бұрқылдап бірде әлсіреп, бірде қайнап. Құмайдай түлкі қуған құлдыраңдап, Қырандай түлкі алатын көзі жайнап. І.Жанс. ~ Ойға алған іске тек соқа бас Қорабайды ғана қатыстыруды жөн көрдім. Қорабайдың көзі жайнап кеткен. М.Мағ. ~ Одан да шөлмек алғаныңыз дұрыс қой, — дедім өз диалектімізде, ерінімді болар-болмас қана қимылдатып. Қуаныштан көзі жайнап кетті. Екеуіміз қашан тас жолдан үсті-үстіне сигнал берілгенше, кеш бойы әңгіме соқтық. Ч.Пав.