Көңілі басқа жаққа ауа қалса, көзі тасаланса, бітті… ~ Шынында, Көксерек тамаққа өлгенше ашқарақ еді. Алдына құйып қойған асты әлі күнге қасында кісі қадалып тұрса, жаламайды, жемейді. Жалғыз-ақ кісі көзі тайса болды, қазір жоқ қылады. М.Әу. ~ Кербұғы тап берсе, зытады да, қайта ереді. Ал жас маралдардың бар ниеті соған ауған, үйір басының көзі тайса болды, шауып барып иіскелесе қалады. О.Бөк.
