Құныға түсті, құмарта қарай берді. ~ Бұл да Сырымбеттің керіліп жатқан сұлу қойнауына еніп, мастанып, мауқын басады. Білеу-білеу болған барқыт белдерге көзі тоймай, сүйсініп ұзақ қарайды. Р.Мұқ. ~ Бақырып-шақырып жүргенмен, іштей Бекназар да мәз. Қайнаған жұмысқа көзі тоймай құныға қарайды. Ш.Айт.
- Риза болмады, олқы көрді. ~ Анада, Жәділ көкесі мен Шура жеңешесін ілкі рет көргенде неге оларға көзі тоймаған себебін бүгін түсінді: адамдар әдемі және әдемі емес болып екіге бөлінеді екен! Ә.Тар.
