Қорықты, зәресі ұшты, көзі бақырайды. * – Бәйбіше қайда? Ақбілек қайда? – деп көзі шарасынан шығып, Мамырбай отағасы күрс-күрс етті. Ж.Айм. * Милициедан қорыққан жуанға ұсап, көзім шарасынан шықты. Ж.Айм. * Ақтоқтының болашақ атасы Сүтемген құда жайындағы суық хабарға Еркімбайдың көзі шарасынан шықты. С. Жүн. * Апамның көзі шарасынан шығып кетті. Жанымханды біреу желкеден түйгіштеп алып бара жатқандай-ақ: «Құдай-ау, сақтай гөр, құдай-ау, сақтай гөр!» – деп өз-өзінен күбірлеп тәубесіне сиынып отыр. Қ.Ысқ. * Онсыз да бадырақ көздері шарасынан шығып кеткен. Е.Зей.
