Әлдебір іске дәті қалай барды, қалай аямады д.м. қолданылады. ~ «Аспан айналып жерге түссе де, ағайынға қол салма демеп пе еді. Ит-ай, ұзында кегі, қысқада өші кетсе де, қаны бір туыстың маңдайына басқанын қалай дәті барып, көзі қиып қайдағы бір түркімендерге асырып жіберді. Қайтіп?» Н.Дәу. ~ “Сендей жас жолбарысты көзі қиып кім өлтіруші еді. Мен сені өлтіргелі келгем жоқ, ақыл айтып, жөн нұсқағалы келдім, шақыр Құралайды. С.Ақт. ~ Аяды көзі көрген, іші ауырып, Қалада әйел-еркек, қатын-бала. Өлтірер көзі қиып адам емес, Ісіне Құдіреттің бар ма шара?! М.Ж.Көп.
