Танымал, үйреншікті. ~ Көзі қанық, әбден үйреніп алған үлкен көшеге шықты. Ай-наласы алаң-ашық Тоқтының наубайханасына жетті де, дік етіп жерге секіріп түсті. Қ.Тол. ~ Ұсталық, ағашшылық сияқты еңбектің қыр-сырына көзі қанық болып өскен-ді. Қ.Жұм. ~ Орыс баласының қолы ісмер. Оның үстіне әкесінің қасында біраз уақыт болған, көзі қанық. Соқа-сайманды өзі соғамын деп отыр. Мен де көмектесемін. Тірі жан емеспіз бе. С.Жүн.
