Posted in

КӨЗІ ҚИМАДЫ

Аяды, жаны ашыды, айрылғысы келмеді. ~ Ақмоншақ ат астында, Қамшат бөркі басында, Атқан оғы жасыл-ды,— Көрген көзі қимайды Қобланды сұлтан асылды. А.Байт. (“Қ.Қ.Қоб.”) ~ Торқа кемпір шойнандап келіп “Тұз-дәміңді талай татып ек, тілім тисе кеше гөр!” деп сұңқылдап кеп Пахраддинді құшақтағанда кәрілер жағы кемсеңдеп: — Ой-хой, дүние-ай! Көзі қимайды да… Бірге өскеннің аты бір өскен ғой, — десті. С.Елу. Ә.Нұрп. ~ Керімбекті қаралап қол қойып, қамай алмаумен бірге оны біржола ақтауға да көзі қимай, ұзақ-сонар сүрлеуге салып отыр. Ж.Ахм.