Әбден үйреншікті болған көрініс туралы. * Осы көріністің қай-қайсысы да Қожаны қызықтыра алған жоқ. Жаралғалы көзқашты қылған, қайталана беретін мезгілдің әр түрлі мінез-қылықтары Шал үшін таңсық емес. О.Бөк. * Сақыш, бірақ селт еткен жоқ. Болса қайтейін деді ме, әлде төрінде талай «классикті» көріп көзқашты болған ба, сары бөшке қырын қараған күйі шайын пыс-пыс сораптап отыра берді. Т.Сәу. * Сазарған даланың беті бүлк етпей, бағанағы жұтаңдау болса да көзқашты етпейтін айнала – айдала ептеп қорқыныш ұялатты. О.Бөк.
- Мынау аспан мен түнді, ақау бөртектер мен бұйығы жатқан ауылды құдайдың құтты күні көріп, көзқашты болған. О.Бөк.
