Posted in

КӨЗ АШПАДЫ (АШҚАН ЕМЕС)

Әлдебір істен қолы босаған емес. * Күні-түні тықырлатудан көз ашпайтын бастарға да, қолдарға да бірталайға дейін бостандық берілді. Ж.Айм. * Бұлайша қастасу, төре атаулының бәрінде бар. Мысалы – Қарқаралы дуанындағы Барақ ханы ұлы Бөкейдің: Тәуке, Есім, Сұлтанғазы дейтін балалары, Айғаныммен тұстас: Құсбек, Жамантай деген немерелері атысып-шабысудан көз ашқан емес. С.Мұқ. * Ақыры қорлықты сол қазақтар көрсетті. Әбілқайыр, Абылай, Ерәлі, Есім-қазақ сұлтандарының қарақалпаққа көз алартпағаны жоқ екен. Шапқыннан көз ашпады. З.Шүкір. ~ Ойбай, атамаңыз, жолдас Назаров, өзім арыздан көз аша алмай жүргенде, тағы бір арыз түссін дейсіз бе? Ол болмайды, аңдушы көп. С.Бақ.