Posted in

КӨЗ ЖАСЫНА ЕРІК БЕРДІ

Еңіреп қоя берді. ~ Содан кейін өз шешесіне жеткенде, Ділдә мұны құшақтап, бауырына ұзақ қысып, көп жылады. Әбіш те көз жасына ерік берді. М.Әу. ~ Пойыз қозғалды. Бойжеткен қоштасып тұрған жас жігіт әнтек қимылдап, вагонға секіріп мінді. Ару қыз көз жасына ерік берді. Ә.Ысқ. ~ Сабыр ет, балам!—деді Дәмеш қатал үнмен.— Сен енді кішкентай емессің жылайтын. Көз жасына ерік беру — әйелдің ісі… Ә.Әл. ~ Есік сарт жабылған сәт Мұңлық төсегіне құлай кетті де, көз жасына ерік берді. Н.Сер. ~ Ақбөбек осындай сөздерді естіп көп налитын. Өзін не үшін жазғырады осы жұрт?! Неден жазықты болды, бұл Бөбек?! Осыны ойлай-ойлай оңаша жатып алып, түн баласы көз жасына ерік беретін. Ү.Жәл.