Мүсіркеді, тілегін қабыл алды. ~ Талай жаны күйіп зарыққанда, Андрей, Қасен, Полидуб сықылды адамдар ұшырап, көз жасын игені, әжесі аян бергені, төңкеріс боларда, жеңгесін аларда, ақшасынан айрыларда түс көргені де әлі шешусіз. Ж.Айм. ~ Уа, тәңір тілеуің бергірлер! Нашардың да көз жасын иетін күн бар екен – ау! Уа, жағың түспей жамандық көрмеңдер, ағайын! С.См. ~ «Бұл байғұсқа қылмағаным бар ма еді? Төркініне апартып тастамақшы да болдым. Бүгін теңессе, құдай көз жасын иген шығар», — деп, тоқалды шақыртып татуласып қалатын. М.Әу. ~ Алла тағала балалардың көз жасын иейін деген – ау! – дескен көп дауыстан Рухияның жүрегі тіксініп, тайлаққа аянышпен қарайды. С.Смат. ~ Мұныңа да рахмет. Елдің көз жасын исең, одан артықты кім қажет етеді… С.Жүн.
