Өмірі жылап-сықтаумен өтті. * Кеппеді жердің көз жасы, Табаным сыздан сіресіп, Бұйырмай жырдың олжасы, Өзіммен
жүрмін күресіп. Ж. Дәр. * Қадір мәулен, не жазығым бар еді, Туғаннан-ақ көзімнің жасы кеппеді?! “Көрұғлы”. ~ Туған жер
сақалыңнан жас кеппеді, Бір сұмдық бір сұмдықты сүйреп шығып. Ж.Нәж. ~ Перзентсіз өткен осынау бақытсыз тірліктің
себепшісі бір өзі сияқтанып, көзінің жасы құрғамай, тәңіріне жалбарынатын. А.Сей. ~ Көзінің жасы кеппеген, Жұртым бар
жалтақ, жасқаншақ. Кетпеген тепкі өкпеден, Шыққанмен қанша аттан сап. С.Томан.
