Ағыл-тегіл жылады. ~ Шеге! — деді Хансұлу сыбырлап. Шеге есіткендей. Бордай езілді Хансұлу. Көз жасы омырауын жуды. Құлағы естуден қалды. Еңкілдеп жылаған үнінен өзге түк естімейді. С.Ел. ~ Әуген ақыры өлу байламына келді. Көлдеген көз жасы омырауын жуып, тұла бойы тітіркеніп, жүрегі мұздап кетті. Ж.Шәк. ~ … орамына әлденеше адамның құлашы жетпес қожыр-қожыр діңіңді құша, бетін басып, сақалынан аққан тарам-тарам көз жасы омырауын бояп, жалғыз шал тұрды. Т.Шап. .
