Назар салды, қарады. ~ Өзінің сырын тартам. Содан кейін қашқын болсақ та, қырмен, оймен жүрсек те керерміз…» деп ауыл жаққа көз жіберді. Өз ауылы қалпында. Өңкей жамаулы, қоңыр, қараша үйлер. Ғ.Мұст. ~ Кіргісі, халін білгісі кеп бір оқталды да, кідіріп қалды. Мұны көрсе қиналуы мүмкін. Әзір керегі тыныштық. Терезеден тысқа көз жіберген. Ж.Нәж. ~ Алысқа көз жіберіп, бір орында қатып қалған. Әлденеге күдіктенген Сүйінғара әуелі басын көтеріп алды да, артынан шыдап жата алмай орнынан тұрып кетті. Содан кейін әйелі қараған жаққа бұл да көзін жіберді. М.Әбд. * Содан кейін әйелі қараған жаққа бұл да көзін жіберді. Айқын еш нәрсе көрінбеді. М.Әбдіх. * Сол жерде тегенемен қымыз құйды, Толтырып сары аяқпен әкеп берді. Қолға алып, бір-ақ ұрттап салып едім, Бәрі де: «Бұл қалай?» – деп көзін жіберді. “Бердіқожа б.”
- Пайымдады, ой қорытты. ~ Қақпан шотты таста да бермен келгін, Тағы ұрар деп, мен тұрмын денем шошып.
Мына бәле, көз жібер, кімнен болды? Қар үстінде жатыр ғой қаным жосып. Шашубай. ~ Адамшылықтың тарихына көз жіберсек, өмір жүзінен мысал қарастырсақ, атақты данышпандардың пікірін, сөзін байқасақ, тәрбие адамды бұзуы, түзеуі көрінеді. Ж.Айм. ~ Сол тұстың саясатына көз жібергенде ақын-жазушылардың бұдан басқа амалы да жоқ еді. Ж.Шәк. - Өткен өмірін есіне түсірді, ойына алды. ~ Ол басып өткен жолына көз жіберіп, өзінің бұрын ойланбаған, іштей
дайындалмаған бөтен бір қиырға беттеп бара жатқанына қайран қалды. Қ.Жұм. ~ Бастан кешкен өміріне көз жіберіп
қараса; беймаза тірлігінің азғантай тыныштығы да бұның өзіне бұйырмапты. Ә.Нұрп.
