Posted in

КӨЗ ЖҰМБАЙ (-ЛЫҚ)

Әлдебір қауіпті іске бел шешу, тәуекел ету. ~ Қазір де қандай да болмасын бір жақсылықтан үміт қып, әлдекімге сеніп келе жатқаны шамалы. Тәуекел атты көз жұмбай, көкбет түйсікті малданады. Ж.Нәж. ~ Елден ерек сәнді киінген, қасына нөкерге бес-алты әлуетті жігіт ерткен жас мырзаның пысы басқандай, көбісі мұның көз жұмбай өтірігіне жөндеп жауап таппай, үнсіз қала береді. О.Сәрс. ~ Кейде біз сол шымылдықты әуелі ашып көрмей, көз жұмбайлық жасаймыз. Сөйтеміз де қателесеміз. Н.Сер. ~ Осының бәрің біле тұра көз жұмбайлық жасағаны үшін, парторгтың да маңдайынан сипағанымыз жоқ. Қ.Жұм.