Posted in

КӨЗ ЖҰМЫП НАНДЫ (CЕНДІ)

Өтірік-шынын тексермей сенді, жоқтан өзгеге иланды.

  • Сәрсенбай өзі надан, «молданың өкшесі қисық деген кісі де күнәлі болады» деп жүрген кісілердің бірі болғандықтан, тек молда есімін көтерген кісі болып, біліп-білмей айтса да, мынау шариғат деген сөзге көз жұмып нанушы еді. М.Дул. * ~ Көз жұмып, кiмге сенген, кiмге сенген, Кiм келiп құтқарады бұл кеселден? Сәуленiң ұшқыны да жылт етпейдi, Әлемдi жарылқағыш күн көсемнен. Н.Айт.