Posted in

КӨЗ (КӨЗІНІҢ) ЖАСЫ КӨЛ БОЛДЫ

Көз жасын тия алмай, ұзақ жылады. ~ Кетерінде көз жасы көл болып, іштен шыққан тұқымды қия алмай, құрлықта ұзақ уақыт қала алмай, амалсыз теңізге оралады. Ш.Мұр. ~ Қан сасып қайран мекен қаңырады, Қарқ боп қарға-құзғын жабылады. Шашылған сынығынан танылады, Шағылған қара орданың шаңырағы… – деп жырлағанда талай қарттың көз жасы көл болып ақты. Ж.Шәк. ~ Ал енді сұм қара қағаз келгенде, әскерге кеткендерінен айырылып, бір күнде ауылдың екі-үш жерінен ойбайлаған дауыс шығып, көз жасы көл болып жатса, жүрегіңді тірідей үйткенін сонда біледі екенсің! Ш.Айт. * Мал иелерінің сондағы боздап жылағанын көрсеңіз. Шал да, Мұқаммеди де, әйелдері де, тіпті кішкентай Садық, та мал емес, ең бір аяулы жақын адамдары өлгендей көздерінің жасы көл болып, еңіреп жүр. Б.Тоқ.