Қатты беріліп істеді; көп оқыды. * Сендердің жел көтерген етектеріңді жабамын деп көз майымды тамызып отырысым мынау. Р.От. ~ Москва, Ленинград архивіне өз қаражатыммен барып, күндіз күлкі, түнде ұйқыдан қалып, аш-жалаңаш көз майын тауысуға тура келді. О.Бөк. * Жасымызда Алматы көркемсурет училищесінде көз майын тауысып төрт жыл оқығанымыз бар, содан күректей диплом алып, кәдімгі кәсіби маман болып шыққанбыз. Ә.Асқ. ~ Жан деп сүйген ақ сәулем бар еді, соны да құшып, қызығын көре алмай, көзімнің майын тауысып алған ғылымның нұрын елге шаша алмай, аһ ұрып кеттім десем кім естір менің үнімді? Ғ.Сл.
