Posted in

КӨЗ КӨРІМ ЖЕР

Көз жететін жер. * Асекең шала бөктірілген бұршақ, сабақты ине, жарты банке салидол алып шықты да сабақты инені
бұршақтан өткізіп көз көрім жерге тастап қойды. Қ.Ысқ. * Қанжығалы жігіттері келесі күндері торбестіні аса қыспай көз
көрім жерден бақылап, еркіне жіберген. С.Жүн. * Алыстағы таулар бүгін бүк түсіп, кәмпитке өкпелеген баладай етпеттеп-
етпеттеп жатыр. Көз көрім жер көлкіген жап-жасыл әлем… М.Қаб.