Posted in

КӨЗ КӨРІП, ҚҰЛАҚ ЕСТІМЕГЕН

Бұрын-соңды болмаған, тосын, таң қаларлық оқиға туралы. * Асыл текті бегзаданы ат үстінен қыпшақ нәсілі аударып түсіргені ме? Көз көріп, құлақ естімеген сұмдық! Р.От. * Елдің бәрі өз еңбегінің бодауымен игіліктенуге жатылып алған. Көз көріп, құлақ естімеген жаңа дүниелер. Бәрі де ұнап тұр-ау… Ж.Сәм.

  1. Адам аяғы жетпейтін алыс жер. * Не рұқсатыңызды берiңiз, «Құрттаған қой бiр кескектi ала кетедi» дегендей кесiрiмiздi тигiзбей, қарамызды бұл маңнан батырып, көз көрiп, құлақ естiмеген жаққа кетелiк. К.Сег. ~ Өзім де білмеймін. Не де болса, енді мен көз көрмес, құлақ естімес бір жаққа кетем. Ертең ел бетіне қалай қараймын? Б.Соқп. ~ Оның табылған ақыл, – деді Омар балаша қуанып,– көз көріп, құлақ естімейтін жаққа әкетші өзін. О.Бөк.