Сүйсіне, көз алмай қарады. ~ Ақ білектің мүсіні Айбалтаның сабындай. Қыз Жібекке Төлеген Көз мейірі қанып тұр, Белі нәзік
талып тұр, Пейіштен жанған шырақтай Екі көзі жанып тұр. “Қыз Жібек”. ~ Бүгін Зухраны Алатаудың биігіне алып шығып, көз
мейірі қанғанша айналаны тамашалатпақшы еді. Т.Сәу. ~ Сәл уақытқа ұмыт бола бастаған, биікке шығып, шыңға
қараса жігері жанылып, мерейі өсе қалатын тау баласына тән таңсық қасиетін қайта тауып, жанарын сонау
алыстағы заңғар шыңдардан алмай, зеңгір аспан, мөлдір ауадан жаны семіре, толқып тұрып, тебірене тігілді.
Көз мейірі жуырманда қанар емес. С.Үс. ~ Қыз Жібекті Төлеген, Ақылымен танып тұр, Көз мейірі қанып тұр,
Бейіштен жанған шамшырақ, Көзі ойнап жанып тұр. “Қыз Жібек”.
