Қуанышы, бақыты д.м. ~ Мойнымда менің көп әлі алдыңда сенің өтей алмаған борышым, олқы күндерім. Тағдырыңды сенің тапсырдым сенімді ұрпаққа — көз нұрың, болашағың да сол, түбінде, елім! Ф.Оң. ~ Жетеді еркек бірмен, ұрғашы ермен, Қызығы құрбыменен ойнап-күлген. Көз нұры, көңіл қуанышы бай мен бала, Хайуанша ақымақтар жалғыз жүрген. БС. “Әмірзада”.
- Жанары, көз қарасы. ~ Сол көз нұры өзіне қарап сәл кідірген сәтте, сонау ұзын кірпіктері жүрегіне мың найзаның ұшындай боп қадалғандай сезінді жігіт. І.Ес. ~ Ақынның көз нұры алыста айдынданған Саркөлге, одан арғы кең жазыққа, далада қаптаған көп түйеге түсіп, енді бірде Жидебайда отырған ауылға оралғандай еді… З.Қаб.
