Қызыға қараушы, жалынышты д.м. ~ Мал да, қызық та бірен-саран ауылдарда. Олар құлынын шыңғыртып бие байлайды, бұғалық тастап қашаған ұстайды, кер айылдап асау үйретеді. Қымызға қызып алған соң ән шырқайды, балуан күреседі, ат жарыстырады. Дойбы, тоғыз құмалақ, шылдақана, қыз ойнақ, ас пен той… бәрі сол ауылдардың маңында. Біз оларға көз сүзді, кірмеміз. Басына шығып көңіл көтеретін тым болмаса бір тау жоқ. Суына түсіп кірімізді кетіретін өзен не бір кел жоқ. Бүкіл Сарыарқадан құдай қонысқа да жарытпапты7 Ғ.Мұст.
