Есебі жоқ, санап шығудың өзі қиын д.м. ~ Оның үстіне қазір қалаға келушілер көбейіп кетіпті. Тың көтеру үшін Алтайға,
Қазақстанға тіленіп шыққан жолаушылардан көзің сүрінеді. С.Жүн. ~ Орыс қаламгері Сергей Голиков, дивизия генералы
Родимцев кітаптарын ашсақ, қазақ есімінен көз сүрінеді. Д.Дос. ~ Күні-түні жосылған машина, қаздай жүзген комбайннан көз
сүрінеді. С.Жүн. ~ Отыздағы емес, он тоғыздағы қыздай үлбіреген, мүсіні көз тартқан ол сол күні кімнің де болса көзін
сүріндіргендей еді. Г.Сейіт.
- Еріксіз көңіл аударады. ~ Әдемі– ақ еді, сан соғып өкініп қалды. Өңкей бір ақ құба азанда жауған ақша қар секілді сұлу
қыздардан көз сүрінеді. Әсіресе анау… әлгі кітапханашы… О.Бөк. ~ Үй болғанда қандай үй, жәй пәтерге ұқсамайды.
Жиһаздарына көз сүрінеді. Қ.Жиен. ~ Нар бойындай биік жармалы есіктің нақыштары да ерекше сәнді көз сүріндіреді…
А.См.
