Қызыға, көз алмай қарау.. ~ Байырғы түрік жұртының бүгінгі Моңғолия иелігінде қалған бергі беті – Алтайдың шеткі қабағынан, арғы бет – Керөлеңнің сағасына дейінгі ұлан-байтақ кеңістікті ирек сызып, оңға, солға ойқастап, жер бетімен жүріп өткен салқар жол үстінде көз сұқтанар қаншама қызыл тау ұшырасқан. М.Мағ.
КӨЗ СҰҚТАНДЫРДЫ. Қызықтырды, еріксіз көзін тартты. * Көкпеңбек тұнық аспанның астындағы көк-жасыл таулардың көзді сұқтандырған көркіне бір сәт сүйсінгенімен, іштей күйзеліп, мұңая жабыққан Әсеттің қабағы кіртиіңкі, еңсесі басылыңқы, жүзі солғындау еді. Қ.Тол.
