Ұзақ қарады, көзін алмай шұқшиды. ~ Босқа көзді талдырып қажеті қанша, профессор? — деп жауап қайыратын ол.— Біріншіден, нарвал дегеніңіз атымен жоқ … Ж.Верн. ~ Өркеш-өркеш ақ ирек ұзарып, бұлдырап барып көз талдырады. Ж.Сәм. ~ Қара күздің сағыздай созылған ұзақ күнін кеш қыла алмай жер құртындай жыбырлап жайылған қой шетінде Хансұлу тұрады қалқиып, тұлдырсыз көкжиекке көз талдыра қарап. С.Ел. ~ Әйтеуір аман жеткен құдай сақтап, Толған жыр, толған тарих, толған аруақ. Елесін өткен күннің іздегендер, Керегін, көз талдырып, содан таппақ! Б.Әлімж.
