Қызықтырды, тамсандырды, назарын өзіне аударды. ~ Киімі қандай көркем болса, ат-тұрманы да сондай көз тартатын, сәулетті болған. Тәттімбеттің осы бейнесін 1846 жылы Түндік өзені бойында А. Янушкевич көреді. Ә.Мар. ~ Неше арқар қапияда жем болғанын санамақ едім, ажырата алмадым. Әлде үшеу, әлде бес-алтау. Оның есесіне, асық жіліктен омпасы шодырайған шикілі құлжалар көз тартқан. М.Мағ. ~ Неге олай? Сәуленің ай жүзді көркі ме көз тартатын? Жоқ әлде оның ақша жүзіне өзгеше бір ғажайып сұлулық беріп тұратын мөлдір қара көзі ме? Ә.Әб. ~ Көздері жайнап, жүздері балбұл жанған жастардың арасынан әппақ шәлді иығына бос тастаған Ләйлімнің жанары жалын атып, еріксіз көз тартады. С.См.
