Жанарын тіктеді; ықыласын аударды; таңдау жасады.
- Сабағын бастай бере ол екінші партада жапалақтай жарбиып отырған маған көз тоқтатты. Ә.Нұрш. * Жігіттің көз тоқтаттық қандайына: Шешеннің тәңір берген таңдайына. Батырдың қайрат берген жүрегіне, Малдының ырыс берген маңдайына. Ақан с. * Аз ғұмырымда бір мезет адам айтқысыз көп дүние көргендей, алып кашқан алапат бір сезіммен өмірімде тұңғыш рет Ұлы ұстаздың тірі келбетіне тұла бойым тітіркене көз тоқтаттым… З.Қаб.
