Posted in

КӨЗ ТҰНДЫРДЫ

Әдемілігімен көз тартты. * Қазақ әйелдері тоқыған судай жаңа алашалар үй ішіне көз тұндыратындай көрік беріп тұр. Ә.Шәр. * Қап-қара қос бұрымы жер сызған аққұба қыз… Үстінде майда гүлі көз тұндырған ақсары көйлек… Шәкен бірдеме деуге тілі келмей, қызға кірпік қақпай қадалды да қалды. И.Жақ. * Сай-сала, белес-белес жаздыкүнгі күн сәулесіне бөленіп, қырмызы кілемдей көк майса жамылған. Көз тұндырады. Ә.Шәр.