Posted in

КӨЗ ШАЛЫМ (ЖЕР)

Көз жетердей қашықтықтағы жер. ~ Айғырды жетелеген калпы әудем жерге алып шығып, жалынан, тұмсығынан сипап, мойнынан құшақтап әрең тыныштандырдым. Көз шалымда қара көрінбейді, асығар ештеңе жоқ. М.Мағ. ~ – Со-онау шағылды көресің бе? – Мен қарт саусағының бағытымен көз шалымы жетер жерді көзбен тінте бастаймын. Шағылдан көп нәрсе жоқ, жағалай сары құла құм, жар-жар. Ж.Нәж. ~ Түстікте, әжептәуір төмен түскен, бірақ көз шалым жерді жауып, доғалана иіліп барып, екі биікті жалғастырған түйе мойнақ, оның орта тұсындағы, тіке жартас түбінде қаптай өскен сұлу теректі. М.Мағ.