Posted in

КӨЗ ҚАРЫҚТЫРДЫ (ҚАРЫТТЫ)

Күннің жарық сәулесі не шаң я желдің көзді ашқызбауы.

  • Қарағаш өзенінің жағасындағы қыратқа шығып шығысқа қарағанымда, алдымнан өрттей жанып көтеріліп келе жатқан күннің белгісіндей болып бүкіл түстікті алып толқыған, көз қарықтырған сап-сары дария көрінді. Т.Әс. ~ Саят «а» деп аузын ашып үлгергенше болған жоқ, көз қарықтырар қызыл жалын жарқ ете қалды. Кешкi аспан қақ бөлiнiп, қара жерге аунап түскендей. О.Елс. ~ Тер басқан мойны жалт-жұлт етіп, күнге шағылысып, көз қарықтырады. Міне, көзді ашып-жұмғанша Бәйгетөбеге де жетіп-ақ келді. Ә.Сал. ~ Қанша жарқырап көз қарытып тұр десек те, біздің клубымыздың жарық жұлдызының пайымы бір жақты, қарабайыр. Б.Қойш.