Еш көңіл аудармады; мүлде елемеді. ~ Әйелі табадағы шоқта қайнап тұрған құманның қақпағын сәл ашып қойды. Онысы: «қайнап жатыр ғой, көрмейсің бе?» дегені-тін. Әттең, күйеуі оған көз қырын да салмады… Ж.Нәж. ~ Аулада белесебет теуіп жүрген Айбек бұған зулатып жетіп келді де, шешесінің өзіне көз қырын да салмағанына сәл таңданып тұрып, балаларға қайта қосылып кетті. Ә.Нұрп.
