Posted in

КӨЗ ҚҰНЫ ҚАЛДЫ МА (БАР МА, БАР ЕДІ)

Не өшің бар д.м. ~ Өңшең көргенсіз аузыңа с… Осы үйде əкелеріңнің көз құны қалды ма? – деп аузы-мұрнына шай қайната бастаған соң, Мұсатай итті абалата, дүрсілдете жөнелді. Ж.Айм. ~ Мылтық ала ұмытылып, ұшақ, танктеріңді қаптатып төбесінен от, қапталынан оқ жаудыратын зындан, түрменің түбінде шірітетін әкеңнің көз құны бар ма еді? Ғ.Біл. ~ Өй, Құсеке-ай! Өлдім ғой!— дегенге ғана келді. Қабақты түйіп, қамшыны білеп, түлкі тымағының бір құлағын ішіне жымырып киіп Құсайын Мұқажанның алдына отыра қалды. —Не әкеңнің көз құны бар еді, мұнда? І.Жан.