Posted in

КӨЗ ҚҰРТЫНА АЙНАЛДЫ

Көрген сайын көзін ала алмай, телміре, сұқтана қарайтын болды. ~ Бөкселі‚ бәденділігі‚ санының мінсіз толықтығы тар шалбардан көз құртына айналғаны айтары жоқ ақиқат. Қ.Түм. ~ Ақша маңдайына құлай беретiн кекiл шашын әсем қимылмен керi қайырғанда дөңгелектенген қос анары дiрiл қағады көз құртына айналып. Ж.Шағ. ~ Баяғының ақындары екі бетінен нұры тамып, шырайланып, ұрғашының көз құртына айналып жүруші еді, 21-ғасырдың ақыны жүдегеннен жүдеп түкке алғысыз, әсерсіз боп қалады деп тегі ойламапты. Д.Дос. ~ Сөзге өткір, мінезге бай жайдары, жарқын бойжеткен Болат сұлтанның көз құртына айналғаннан бастан қыздың ашық аспаны күңгірт тартыпты. С.См.