Posted in

КӨЗ ҚҰРТЫН ЖЕДІ (АЛДЫ)

Ынтықтырды, ғашық етті, көзін алдырмай қойды. ~ Айғай-ұйғайы жоқ. Бір ғана пәлекет мінезі бар. Онысы көз құртын жегенді қалай да алу. Жолы жеңілді өз қолымен, жолы ауыр, не қауіптіні өзгенің қолымен. Н.Дәу. ~ Қайта ашасың; Қайта бояу қалыңдай түскен, сұлу көрініс көз құртын суыра жейді. Қарап тұрып көңілің көншиді, мейманаң тасиды. Д.Дос.

КӨЗДІҢ ҚҰРТЫН АЛДЫ Қатты қызықтырды. ~ Саусақтарымен білектері асыл тас орнаткан, сарай шеберлері бар өнерлерін аямай соққан алтын жүзіктер мен білезіктерден көрінбейді… Көктемнің қырмызы гүліндей кұлпырып отырған келіншек көздің құртын алады. І.Ес. ~ Сары алтындай қалың шашын қос бұрым етіп өрген, төңкерілген төсі, құлама жұмыр иығы, жөңкерілген мықыны көздің құртын алатын Алла Федордан кейінгі ерке қыз болғандықтан ба, өзін емін-еркін ұстап, қазақ жігіттерінің ішіндегі иықтысы, бойшаңы, бұйра шаш, дөң мұрын, кең маңдайлы келісті жігіт Әлиді төңіректей берген. Б.Тоғ.