Қараңғылыққа, әлдебір ыңғайсыз жағдайға, тосын көрініске көзі дағдыланды. ~ Сыздықтап кірген алтын сымдай нәзік сәуле көбейіп, айқын болмаса да, бір-бірімізді көріп отыратын болдық. Және ала сәулеге көз үйренді. С.Сей. ~ Тұнық көкпең көк көзі, ақшыл сары кірпігі мен қасының өзінен бұл баланың бөтен нәсіл екені айқын танылатын. Әйткенмен, бұған жұрттың көзі үйреніп қалған еді. М.Мағ. ~ Құзға қарай еңкейе түнерген алып жақпар тастар көзі үйренбеген адамның төбесінен төніп үрейін де алады. С.Мұр. ~ Ғазиза осынау түнекке көзі үйрене алмай отыр еді, қарсы алдынан жылт етіп, шоқ жанғандай болды. Б.Тоғ.
