Posted in

КӨЙ-КӨЙІН ЖЫРЛАДЫ (САЛДЫ, ТАРТТЫ)

Ескі әуеніне басты, бір айтқанын айта берді. ~ Ақымақ біткен өліп таусылған соң, бір ұстағанынан айырылмай, бірі жерден табан аудармай ескі көй-көйін жырлап, араларды өлеңге қосатын жыраулар да болмас. Адам мен ара бір емес! Ж.Айм. ~ Шынжыр балақ шонжарлар Аласталып қалып тұр Іштен түскен түсіктей. Енді олардың жоқшысы Көштен қалған күшіктей Көй-көй күйін салып тұр. І.Жанс. ~ Жер – көк дірдек, қашып өңі Сән құрмандық секілденді… Бұлтты айдап мына Солтүс, Соқты, өкірді – тартып көй-көй, Келе жатыр қыс жәдігөй. І.Жанс.