Posted in

КӨКЕЙГЕ ҚОНДЫ (ҚҰЙЫЛДЫ)

Ұғынықты болды; дұрыс уәж деп қабылданды; есте сақталды. ~ Оның қу тілмен құрақ орғаны не керек!» деп Асқарды сөккенмен, енді біреулері, Амантайдан Асқардың «патша түседі» деген дәлелдерін тыңдай келе, «жаны бар сөз екен,- десті,- сөздері көкейге қонып тұр. Сол жігіт білмейтін жігіт емес сияқты да, осыны ойлыныйықшы!» С.Мұқ. ~ . ~ Мәтнияз түсінді. Сырдың бойынан алдымен Мамыт пен Күжбан көшіп еді, содан-ақ ел іргесі бұзылды. Қазақ билерінің бұл әрекеті көкейге қонады… З.Шүк. ~ Халқымның қазынасын қай-қайдағы, Бұйырған несібедей алдым теріп. Қолқа сап қарындастан қаламастан, Көкейге құйылған күй бала жастан. Толассыз аңқылдады бейне тұлпар – Қара үзіп кеткен күннен қара дастан! Т.Әл.