Есінен кетпеді; мазалай берді. * Салиқаның «ажырастық» деген сөзі күні ұзаққа Бәйтеннің көкейінен кетпей қойды. Т.Әбд. * Налог бұл күнде Ақшоқы бойында әркімнің көкейінен кетпейтін бір–бір шаруасына айналған. Т.Әбд. * Баяғыда жынды Төкеннің қалжыңдап айтқан сөзі көкейінен шықпай тұрып алған. Т.Сәук. * “Жауға аттанып, құл да әкеледі” деп еді-ау Жабы… Күйеуінің сол сөзі көкейінен кетер емес. З.Шүк. * Көкейіңнен бір кетпей, сағындырып жүрген басқа бір бейнемен, соның тәтті бір қылымен шатастырып алып мұңға батасың. Ж.Сәм.
