Posted in

КӨКЕЙІНЕ ҚОНДЫ (ОРНАДЫ)

Айтқаны ұғынықты болды, миына қонды, дұрыс ұғынды, көңіліне жақты; жүрегіне жылы тиді. ~ Қарттың сөзі көкейіне қонды ма, жоқ па, кім білсін, бірақ баланың көзі кəрі ағашқа қадалып, ойланғандай болды. Ж.Айм. Қызылбикенің өзімен адам сияқтанып сөйлесіп, елегеніне көңілі əлдеқандай өсіп, сөздері көкейіне қонып кетті. Ж.Айм. * Қанша шәйірғол дегенмен, мына сөз де Шоқанның көкейіне қонды. С.Мұқ. * Мынау олай болмады, Нұржанның сұрағандарына бейнелеп жауап беріп, әбден көкейіне қондырды. Б.Май. * Бұл ақыл көкейімізге қона кетті. Өйткені, Жақан да, мен де сауда жасап, дәніккен жандар емеспіз. Б.Соқп. ~ Алайтүлей дəуір өткен соң, Қытайдың соғысынан емес, саудасынан қорқу керек деген наным жұрттың көкейіне орнады. Ж.Айм.