Аңсары ауып, арманына айналды. ~ Мелитсе мен сотқа айдатып бір алдырып, қыздың абұйырын бір алса, қыз əкесі мен Мақанды қалың алды деп көрсетіп, шығындатып, жазаға ілдірсе – міне, Сүлейдің көкейін тескен арманы сол. Ж.Айм. ~ Шоқтай жанып тұр, әне, ескен леппен, Бойжеткеннің көзіне көшкен көктем.Сыр жағалап барады со бір сұлу, Бозбаланың көкейін тескен көптен. А.Әлім. ~ Қайғы мен қаңғырудың азабы батса да өлмеген соң өмірлері өксіп өлдім-талдым дегенде көкейін кескен Бұлдыр тауға жетіпті. ҚЕ. ~ Алтыншы жыл дегенде дертінен айығып аяр кемпірді шақыртып, арманы болған Алтынасықты қалай қолға түсірудің әдісін сұрап көкейін кескен арман зарын айтыпты. ҚЕ. (“Алтынасық жіне Құрмерген”).
