Posted in

КӨКЕСІН ТАНЫТТЫ

Көресіні көрсетті, басына әңгір таяқ орнатты. * Қала әкімінің орынбасарының пәрмені зеңбірек атқаннан асып түсті, дүмпуі зор шықты. «Ә, сені ме, үлкен кісілердің алдын кес-кестеген, көзге түскен қалай екен!.. көріп алайық!.. көкесін танытайық!..» – деп алақанын ысқылап кіріскен әлгі жатыпатар – зеңбірекшілер телефон құлағын қолға алып, креслоны зар қақсатып, пілтеге от беріп гүрілдеген кезде күллі қала теңселді, жер дүние күңіреніп кетті. Д.Дос. * Аудандық соттың бастығы Мұратбек аудандық парткомның тұрақты жорасы екен, ол Сәйдәлінің көкесін танытыпты. Ғ.Біл. * Сондайда жазатайым кейде даусы жетпей, кейде қолы келмей қалғанда көлденең тұрған қыздар қараптан-қарап қысылып бетін шымшып жатқанда, бұл жасу орнына қайта қара көзі шоқтай жайнап: “дәнеңе қылмайды. Келесіде көкесін танытам”,– деп едіреңдеп тұратын… Ә.Нұрп.