Posted in

КӨККЕ ЖЕТТІ

Аспанға шарықтады, көңіл шыңына көтерілді. . * Пірмұған шарабынан тамшы таттым, Жол таба алмай бас айналып, түндер қаттым. Бихамдилла, ізгілік берді, нұрға баттым, Көңіл құсым жеті қат көкке жетті, достар. Яссауи. * Құл Қожа Ахмет, дүние қусаң, ісің бітер, Көкіректен шыққан даусың көкке жетер. Жан кетерде Хақ Мұстафа қолын берер, Сол себептен Хаққа сиынып келдім, міне. Яссауи. * Біреулерді өр тағдыр өкпелетті, Біреулердің мерейі көкке жетті. Біреулерді заманы шетке тепті, Содан бері он сегіз көктем өтті. М.Шах