Posted in

КӨКТЕЙ ОРДЫ (ОРЫЛДЫ)

Қыршынынан қиды, жастай қырды. * Табаны күректей бес жылға созылған кескілескен қан майдан талай жасты көктей орды. Олардың орнына он сегізге енді іліккен жастарды алып кетіп жатты. Г.Ақп-а. * Бұл зиялыны қазақ топырағында бүр жара бастағанда-ақ кеңестік система көктей орды. Қазіргі зиялы деп жүргеніміз сол өртеңнің орны, күл, күресіні ғана. М.Қаб. * Қазақта «оңбағыр», «оңбай кеткір» дейтін қарғыстар айтылады. Бұл қарғыстың шын мағынасы – жастай өл, көктей орыл, қыршын жасыңда қиыл дейтін мазмұндарға саятынын біле тұра, осы қарғыс қартайғанға дейін сорың арылмасын, бағың жанбасын дейтін мазмұндарды қоса білдірмес пе екен деп күмәнсірейді. Ғ.Біл.