Posted in

КӨКТЕН ТҮСКЕН

Ғайыптан пайда болған, қолға өзі қонған д.м. * Бізге олардың ойыны да қызық. Елдің хабары да көктен түскен олжадай болды. Х.Ес. * Қасында отырған Ерболға: – Байкөкше емес, болыстарыңа көктен түскен “жай көкше” болмады ма! – дедi де, осы күлген бетiнде, тысқа шығып кеттi. М.Әу. * Жаңадан келген бес қыз ауыл жігіттеріне көктен түскен нұрдай, қолға өздері келіп қонған бақтай көрінді. Ә.Асқ. * «Сабыр, сабыр, – деймін ішімнен. – Өле жегенше, бөле жеген жақсы. Көктен түскен олжа емес пе, садақа!» Т.Сәу. * Көзі от шашып, жай атып тұрған ойнақы қыз қос құрдасқа көктен түскен хор қызындай сезіліп еді, бойжеткенге ұмсынысып қалып, тіл қата алмай және тоқтасты. — Оу, қос жігіт! Үміт саумай жым- жырт тұрыстарыңыз қалай? С.См.