Жүрегіне шер боп байланған құса, қайғы, өкпе-наз туралы. ~ Шерменде ғой, байғұс. Жастайынан ата- анасынан жетім қап не көрмеді. Соның бәрі көкірегінде беріш боп қалды емес пе…- дейді төртінші біреулер. С.Мұр. ~ Көпшілігі сөзге олақ, алайда тыңдауға қызықты, өйткені осы жылдар ішіндегі көкіректерінде беріш боп қатқан, толғағы жеткен ой-пікірлерін ортаға жайып салуда. Ә.Әл. ~ Көкіректе беріш боп қатқан шер де тарқап, көңілдегі мұң да, жетімдігіміз де ұмытыла бастады. Қ.Ысқ.
