Posted in

КӨКІРЕГІНДЕ КӨЗІ БАР (ЖОҚ)

Көзі ашық, көкірегі ояу; саналы, ақыл-ой жетілген, парасат иесі. ~ Алысқа, өскен елге көз қадаған. Абайдан ұлағатты сөз тараған. Ой салып көкірегінде көзі барға Жері жоқ жан жүректі қозғамаған. М.Абд-а. ~ “Көкірегінде көзі бар” оқырмандардың жақсы жырды оқыған кезде туатын бір қызғаныш сезімі болады. А.Нүс. ~ Сол жұлдыз тозаңының жарқыншағы өзіңіз екенсіз ғой мынау көкірегінде көзі жоқ ергежейлілердің еліне ұшып келген!—деді айқайлап Бриссенден мақаланы оқып біткесін.— Бірінші жіберген журналыңыз мақаланы, әлбетте, құшақтай жығылған шығар? Дж.Лонд. ~ Алтын медаль… Сен сол асыл темірдің жарқылынан жасқанып, төмен бұға берме, суретшім. Көрме мың сан жұрттың ең зиялы, көкірегінде көзі бар зиындылары ғана бас сұғатын Меке-Мәдинә. М.Қаб.