Posted in

КӨКІРЕГІНЕ ЖЕЛ БІТТІ (КӨКІРЕГІН ЖЕЛ КЕРНЕДІ)

Шабыттанды, арқасы қозды. ~ Қорқынышты да, қуанышты да, әрі- сәрілікті де басқа түйсік билеп, бәрінің көкірегіне жел бітіп, елеурей бастады. Т.Әл. ~ Міне, аттылар тобын айналып өтіп келеді. Қуғыншылар көп-ақ. Әлі көпшіліктің шаршай қоймаған кезі. Негізгі топтан сытылып бері қарай салды. Көкірегін жел кернеп, шабыт бөлеп, көз алдына әкесі келді. Иә, ол да осылай шабатын! Д.Дос.