Posted in

КӨКІРЕГІНЕ СЫЙДЫ (СЫЙМАДЫ)

Өн бойын билеген әлдебір ерекше сезім, сыр, қуаныш, сағыныш хақында. ~ Алысқаны – өмір ғой. Өмір шіркін тәтті- ау! Дүние қанша тар көрінгенімен, бар жақсылық, жамандық атаулы бір адамның көкірегіне сыяды”. Т.Рыс. ~ Зер салып тыңдасаңыз, көкірегіне зорға сыйып тұрған іңкәр сағыныштың тұла бойды шымырлата қайнатып, ғұмыры тарамайтын, тарқамайтын махаббатқа айналғанын пайымдар едіңіз. С.См. ~ Әр әңгіме айтылған сайын бала ханзаданың көңілінде пәлен жылдан бері бұғып жатқан сағыныш одан сайын ұлғайып, көкірегіне симай барады. Ә.Кек. ~ Кісі аяғы басылған сондай күндердің бірінде Қарлығаш Таңатарға көкірегіне сыймаған сырын ақтарды. С.Дос. ~ Көптен күткен келінін көргесін көкірекке сыймаған шаттық сезімі сыртқа лықсытып шығарған қуаныш жасы. Ү.Жәл.